Республика күні қарсаңында Қазақстанда ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей жоба – Kia зауыты ашылды.

Жаңалықты бөлісіңіз:

Республика күні қарсаңында Қазақстанда ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей жоба – Kia зауыты ашылды

 

Бұл зауытта әлемнің ең озық технологиялары, цифрлық басқару жүйелері мен жасанды интеллект тоғысқан. 68 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді, өндіріс процесі толықтай автоматтандырылған, ал зауыттың қуаттылығы жылына 70 000 автомобильді құрайды. Кәсіпорын Қостанай облысында орналасқан.

 

Kia Qazaqstan зауытының іске қосылуы – еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба Қазақстанның машина жасау саласын жаңа деңгейге көтеріп, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар зауыт экологиялық стандарттарды сақтауға және «жасыл өндіріс» қағидаттарын ұстануға баса мән береді. Энергия үнемдейтін технологиялар мен заманауи қауіпсіздік жүйелері енгізіліп, қоршаған ортаға зиянсыз өндіріс үлгісі қалыптастырылған.

 

Мұндай ауқымды жоба шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін арттырып, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа дәуірдің басталуын айқындайды.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *