✅ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірлерде 176 мектеп салынды, ал жыл соңына дейін тағы 41 мектеп пайдалануға беріледі.
Бұл бастама – сапалы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың және ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтудың маңызды қадамы. Заманауи оқу орындары оқушыларға қолайлы жағдай жасап, жаңа форматтағы білім алу жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа мектептерде робототехника, ІТ, шығармашылық студиялар мен ғылыми зертхана кабинеттері қарастырылған. Сондай-ақ инклюзивті білім беру мен қауіпсіздік талаптары толық сақталып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
«Келешек мектептері» жобасы – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, еліміздің болашағын қалыптастыратын бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуге жол ашатын ұлттық маңызы бар бастама.