Сәтбаев қаласының тұрғындары Құтқарушылар күнімен видеоролик арқылы құттықтады. Видеода қала тұрғындары, оқушылар мен еріктілер құтқарушыларға жылы лебіздерін білдіріп, олардың батылдығы мен еңбегіне алғыс айтты.
Құтқарушылар – қиын сәтте ең алдымен көмекке келетін, адам өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігетін нағыз ержүрек жандар.
Бұл видеоқұттықтау арқылы Сәтбаев жұртшылығы құтқару қызметінің маңыздылығын атап өтіп, олардың қоғам алдындағы жауапты еңбегін жоғары бағалады. Мерекеге арналған бейнеролик әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қала тұрғындарының зор қолдауына ие болды.