Жұмысшы мамандықтар жылы
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама Ел Президентінің тапсырмасымен қолға алынып, елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда еңбек нарығында дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механик, аспаз, тракторшы сынды түрлі техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді. Алайда бұл мамандықтарға деген көзқарас бұрынғыдай жоғары бола бермейді. Сондықтан мемлекет тарапынан жұмысшы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Жыл аясында түрлі форумдар, кәсіптік байқаулар, шеберлік сабақтары, көрмелер ұйымдастырылып, жастарға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындары жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл тек бір жылдың бастамасы ғана емес, еліміздің тұрақты дамуына қажетті кәсіби кадрларды дайындаудың маңызды кезеңі. Еңбек адамына деген құрмет – болашаққа салынған сенімді негіз.