Бүгін қала аумағында биылға соңғы сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық пен тәртіпке мән беретін 1050 тұрғын белсене қатысып, нәтижесінде 9 тонна тұрмыстық қалдық жиналды және 16 гектар жер аумағы тазартылды.
Сенбілік барысында қаланың көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстары жүр Жаңадан бой көтеріп жатқан «Оқушылар аллеясында» қала әкімдігі өкілдері, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері 300 түп бөртегүл мен 100 түп шаған ағашын отырғызды.
Бұл игі іс – тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық жауапкершілігін айқын көрсетеді. Сенбілік қорытындысы бойынша қала аумағы тазарып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды.
Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған сенбіліктердің барлығы қаламыздың көркейіп, таза әрі тартымды болуына зор үлес қосты.