Ұлытау өңірінде 3500-ден астам ағаш отырғызылды
Табиғатты аялау – келешекке жасалған ең маңызды инвестиция. Осы ұстанымды басшылыққа алған Ұлытау облысында көгалдандыру мен экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында үлкен экологиялық акция өткізілді. Нәтижесінде, өңір бойынша 3500-ден астам ағаш отырғызылды.
Бұл игі бастама облыс әкімдігінің қолдауымен және жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асты. Акцияға мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер, еріктілер және қоғам белсенділері жұмыла атсалысты. Ұлытау жұртшылығы табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған өлкенің көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Ағаш отырғызу – тек көгалдандыру емес, бұл — болашақ ұрпаққа үлгі, жерге деген жанашырлықтың көрінісі.
Осындай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол. Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы екенін естен шығармайық.
#TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан, #чистаястрана, #экология, #TazaChallenge