🌐 Келешек мектептерінде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект тақырыптары енгізіліп, апробациядан өтуде 🏫 🏫 🏫
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама білім беру жүйесін жаңғыртудың және оқушыларға сапалы білім берудің маңызды қадамы болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты – заманауи, жайлы және қауіпсіз мектептер салу, білім сапасын арттыру, сондай-ақ ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту.
«Келешек мектептері» жаңа форматтағы оқу орындары болып саналады. Мұнда оқушылар үшін кең, жарық сыныптар, цифрлық технологиялармен жабдықталған зертханалар, коворкинг аймақтар және спорт залдары қарастырылған. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру талаптарына сай жағдайлар жасалуда.