«Жер – халқымыздың аманаты, мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Оның әрбір қарыс жері – еліміздің болашағы мен ұрпағымыздың игілігі. Осы орайда, біз жер ресурстарын ашық, әділ әрі тиімді басқаруды қамтамасыз етуіміз керек. Жер шетелдіктерге сатылмайды, бұл – түпкілікті ұстаным. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тек мақсатты пайдаланылуы қажет. Бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ауылды дамытудың және экономикамызды әртараптандырудың кепілі.»