2025 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ел дамуының жаңа кезеңін айқындады. Бұл Жолдау – әлеуметтік әділет, тұрақты даму және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағыттарына негізделген стратегиялық құжат.
Президент атап өткендей, еліміздің басты мақсаты – күшті экономикаға негізделген әділетті қоғам құру. Бұл ретте, мемлекет азаматтардың табысын арттыру, өңірлерді тең дамыту, жастарға мүмкіндік беру, білім мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту сынды өмірлік маңызы бар мәселелерге басымдық беріп отыр.
Экономикалық бағытта:
– Шағын және орта бизнесті қолдау;
– Өңдеу өнеркәсібін дамыту;
– Ауыл шаруашылығында жер пайдалануды әділ жолмен қайта қарау;
– Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қозғалды.
Әлеуметтік салада:
– Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру жалғасады;
– Жастарды кәсіпке баулу, жұмыспен қамту;
– Халыққа қолжетімді білім мен сапалы медицина қамтамасыз етіледі.
Президент жергілікті басқару мен азаматтық қоғамды дамытуға да ерекше мән беріп, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, жасанды интеллект, цифрландыру және жаңа технологиялар саласында Қазақстанның жаһандық трендтерден қалыспауы – ел болашағы үшін маңызды басымдық ретінде белгіленді.