Қазақстанда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама еңбек нарығындағы сұранысқа ие, білікті жұмысшы кадрларды даярлауға, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Қазіргі заманғы экономика үшін құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик, аспаз, технолог сияқты жұмысшы мамандықтар аса қажет. Мемлекет бұл салаға ерекше көңіл бөліп, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртып, жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыруда.
Жыл аясында республика бойынша түрлі іс-шаралар – шеберлік байқаулары, мамандық жәрмеңкелері, кәсіптік форумдар, оқу орындарының таныстырылымдары өткізіледі. Сонымен қатар, колледждер мен техникалық мектептердің материалдық базасы жаңартылып, дуалды оқыту жүйесі дамытылады.
Мақсат – еңбек адамының абыройын көтеру, қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың маңызын таныту және жастарды болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау.