«Таза Қазақстан» — еліміздің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамда таза әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық акция.
Бұл бастама азаматтарды табиғатқа жанашыр болуға, туған өлкенің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Акция аясында бүкіл ел бойынша сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, өзен-көлдерді тазарту, қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеуді насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Акцияның негізгі мақсаттары:
Қоршаған ортаның ластануын азайту
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Жастарды табиғатты қорғауға тарту
Қауіпсіз және таза қоғамдық кеңістіктер құру
«Таза Қазақстан» — болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық.
Әр азаматтың табиғатқа деген жанашырлығы — ел болашағының кепілі.