Таза Қазақстан

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Таза Қазақстан» — еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көркейту мен тазалықты сақтауға бағытталған жалпыреспубликалық экологиялық акция.

 

Бұл бастама әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеуге баулу, су көздерін тазарту, эко-дәрістер мен экологиялық жобалар өткізіледі.

 

Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр адам өз ауласын, көшесін, мектебін немесе жұмыс орнын таза ұстаса, туған жеріміз жайқалып, көркейе түсетіні сөзсіз.

 

«Таза Қазақстан» – бұл бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпақ үшін жауапкершілік. Табиғат бізге аманат. Ендеше, оны аялау – парызымыз!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *