2025 жыл – ел дамуының негізгі тірегі саналатын жұмысшы мамандықтарға ерекше мән берілетін жыл. Бұл жыл – еңбек адамын ұлықтау, кәсіби шеберлікті арттыру және жастарды нақты мамандықтарға баулу жылы.
Жұмысшы – ел экономикасының қозғаушы күші. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механик, электрик, аспаз, тракторшы – бәрі де қоғам үшін маңызды. Оларсыз өмірдің бірде-бір саласы алға баспайды.
Бүгінгі таңда елімізге қолынан іс келетін, шеберлігі жоғары мамандар ауадай қажет. Сондықтан бұл жылы колледждер мен оқу орындарында дуалды оқыту жүйесі кеңейіп, техникалық білімге басымдық берілуде.
«Еңбек – бәрін жеңбек» деген халық даналығын ұстана отырып, біз еңбек адамын құрметтеуді, жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастарды қолдауды басты мақсат етіп отырмыз.