Таза Қазақстан

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтап, жас ұрпаққа таза әрі жарқын болашақ қалдыруға бағытталған игі бастама. Бұл акцияның негізгі мақсаты – елді мекендердегі тазалықты сақтау, аумақтарды қоқыстан арылту, ағаш егу, жасыл желекті көбейту арқылы халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

 

Бүкіл ел бойынша өткізілетін сенбіліктерге мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер мен қарапайым тұрғындар белсенді қатысады. Олар өз ауласын, көшесін, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтіріп, ортақ іске үлес қосады. Бұл шара тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамға табиғатты аялап ұстаудың маңызын түсіндіреді.

 

«Таза Қазақстан» – әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыратын, елдің көркін кіргізіп қана қоймай, халқымыздың бірлігін нығайтатын бастама. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *