Биыл қалада орталық алаңды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта академик Қ.И. Сәтбаевтың ескерткіші көшіріліп, тұғыр демонтаждалды, жазғы амфитеатрдың қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңартылған алаңның негізгі элементтерінің бірі – қалалық сағат болады. Қазіргі таңда олардың орнатылуы үшін алаңда жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың мердігері ұйымы – «TABS QURYLYS» ЖШС.
Жоба аясында сағатқа түсін өзгертуге, бірқалыпты жарық беруге немесе бейнелерді көрсетуге мүмкіндік беретін LED-құрылғы орнату жоспарланған. Екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған екі фонтан салынбақ.
Ескі, жұмыс істемейтін фонтанды бұзу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Олар аяқталған соң барлық жұмыстар толық көлемде жалғасады.