Қаладағы автожолдардың бойында суағардың болмауына байланысты жауын-шашын суы жол бетінде жиналып, асфальт жабындысын бүлдіреді. Соның салдарынан, әсіресе күзгі және көктемгі маусымдарда «Мұрагер» мейрамханасының алдымен көлікпен жүру мүмкін болмай қалады. Жыл сайын асфальт төселгенімен, мәселе түбегейлі шешілмей келеді.
Биыл бұл проблеманы түпкілікті шешу үшін арнайы назар аударып отырмыз. Қаладағы осындай 13 аумақта су жиналмай, еркін ағуы үшін су өткізетін құбырлар орнатып жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана, келесі жылы жаңа асфальт төселеді.
Біздің мақсатымыз – уақытша емес, ұзақ мерзімді шешім қабылдап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.