Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміз үшін инвестиция тартудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Бүгінде бүкіл әлемде инвестицияға деген бәсекелестік артып келеді. Әр мемлекет өз экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын көтеру үшін қаржы көздерін іздестіруде.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанға қомақты инвестиция тартудың жаңа кезеңін бастау қажеттігін атап өтті. Бұл елімізде өндірісті дамытуға, инфрақұрылымды жетілдіруге, озық технологияларды енгізуге және әлемдік нарықтағы орнымызды нығайтуға жол ашады.
Инвестиция тарту – тек экономикалық өсімнің ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың кепілі. Сондықтан Қазақстан жаңа инвестициялық саясат жүргізіп, отандық бизнеске қолдау көрсетіп, шетелдік серіктестер үшін қолайлы жағдай жасауды басты міндет етіп отыр.
