«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік өтті
Елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаламызда кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер мен аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдары мен жасыл аймақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.
Бұл акцияның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды туған жерге деген жауапкершілікке баулу. Осындай шаралар арқылы халықтың табиғатқа деген жанашырлығы мен қамқорлығы артып, келер ұрпаққа таза әрі көрікті ортаны табыстауға жол ашылады.
Сенбілікке қатысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Әрқайсымыздың осындай ортақ іске қосқан үлесіміз – еліміздің ертеңіне жасалған қамқорлық. Таза әрі жасыл Қазақстанды бірге құрайық!