Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ұтыстар өткізілетіні туралы жарнама кеңінен жарияланып, оған көптеген азаматтар қатысуда.
ҚР Бас Прокуратурасы назарға ұсынады.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Жарнама туралы», «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын қатаң сақтау қажет.
Лотерея ұтысын лотерея операторлары ғана өткізе алады.
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Лотерея операторы – уәкілетті мемлекеттік органнан тиісті рұқсаты бар лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Лотереяны өткізу шарттарын Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен келісуге міндетті.
Ресми операторлар болып табылмайтын және уәкілетті органнан рұқсат алмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың лотереялар өткізуіне қатаң тыйым салынады.
18 жасқа толған азаматтарға ғана қатысуға рұқсат етіледі.
Заңға сәйкес өкілеттігі бар оператор /таратушы(агент). Жүлде қорын лотерея операторы қалыптастырады. Жүлде қоры өткізілген лотерея билеттерінен түскен түсімнің кемінде 50%-нан, не өз қаражаты есебінен.
Жүлде қорының құрамы мен мөлшері туралы барлық ақпарат ашық және қатысушыларға қолжетімді болуы керек.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Жарнама туралы», Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:ұсынылған тауарлар, сондай-ақ оның жарнамасы туралы ақпарат анық болуы тиіс.
Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша 500-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұлды көздейді.
Лотерея қызметін алаяқтық мақсатта пайдалану ҚК-нің 190-бабы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты көздейді.
«Жеңіл олжа- ауыр салдар. Өзіңді және өз қаражатыңды қорға!»