Кейде қоғамда “Жолдау – тек шенеуніктерге арналған құжат” деген жаңсақ пікір қалыптасады. Бірақ шын мәнінде, Президент Жолдауында әрбір азаматқа қатысты нақты шешімдер мен бағыттар көрсетіледі. Жолдауда айтылған әр бастама – өмірімізге тікелей әсер ететін нақты іс-шара.
Жолдаудағы өзгерістер — біздің жұмыс орнымызда, баламыздың білімінде, денсаулық сақтау мекемесінде, тұрып жатқан ауылымызда немесе қаламызда жүзеге асады. Яғни:
Ата-аналар үшін – баланың сапалы білімі
Жастар үшін – қолжетімді білім мен жұмыс
Зейнеткерлер үшін – әділ әлеуметтік қорғау
Кәсіпкерлер үшін – қолайлы жағдай мен қолдау
Әр азамат үшін – қауіпсіз әрі тұрақты ел
Бәрі – өзімізден басталады. Жолдауды тек тыңдап қана қоймай, қолдап, іске асыруға үлес қосу – нағыз азаматтық ұстаным.