Президенттің Жолдауы – жай ғана саяси құжат емес, бұл – халықпен тіке сұхбат, елмен шынайы кеңес. Бұл – қоғамның көкейінде жүрген сұрақтарға берілген жауап, сенім мен тұрақтылыққа жетелер бағыт.
Биылғы Жолдауда көтерілген басты мәселелердің бірі – әділетті Қазақстан құру. Бұл ұғым – жай сөз емес, бұл – халықтың ең басты талабы мен арманы. Мемлекет басшысы әлеуметтік әділеттілік, мүмкіндіктердің теңдігі, табысты әділ бөлу, заң үстемдігі және мемлекеттік басқарудағы ашықтыққа ерекше тоқталды.
Бұл жолдау – ел болашағының, ұрпақ амандығының кепілі. Ол елдің ертеңі үшін алаңдайтын әр азаматқа үндеу.
Бұл үндеуге үн қосу – біздің азаматтық парызымыз!