жаңалық
Ср. Сен 10th, 2025

Аймағымызда «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік әлеуметтік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсы өткізілуде

Жаңалықты бөлісіңіз:

Аймағымызда «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік әлеуметтік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсы өткізілуде

Үстіміздегі жылдың 1 – 30 қыркүйек аралығында  әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату, қоғамдағы мәртебесін көтеру, кәсіби беделін арттыру, мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік әлеуметтік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсы өткізіледі.

Байқау әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын жеті номинация бойынша өткізіледі:

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»;

  • «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері»;
  • «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»;
  • «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері»;
  • «Үздік әлеуметтік педагог» (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде);
  • «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері»;
  • «Үздік әлеуметтік жоба».

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар конкурстық өтінімді, презентация материалдарын және жұмыстары немесе жобасы туралы қысқаша бейнероликті дайындауы керек.

Өтінімдер 2025 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында www.qamqor.enbek.kz платформасында  онлайн қабылданады және 1-5 қазан аралығында онлайн  дауыс беру арқылы өңірлік жеңімпаздар анықталады.

6- 8 қазан аралығында өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген  жағдайда шағымдар қабылданады.

13-22 қазан аралығында құжаттар республикалық комиссияда қаралады.

Салтанатты қорытынды шығару және марапаттау Астана қаласында 2025 жылдың 24 қазанында өткізіледі.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *