Сәтбаев қаласында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Соңғы жылдары Төменгі аумақтың дамуына ерекше назар аударылып келеді. 2021 жылдан бері 8 орамда жұмыстар жүргізілсе, биыл тағы 4 орам қамтылуда.
Атап айтқанда, 16-орамдағы жұмыстар толық аяқталды: аула жолдары мен кіреберістерге 14 мың шаршы метр асфальт төселді, 5 қоқыс алаңы абаттандырылып, жаңа евроконтейнерлер орнатылды, 3 балалар ойын алаңы жасалды, тұрғындар үшін 40 орындық пен қоқыс жәшіктері қойылды, 150 Вт 64 жарық шамы мен 2 жарық бағаны орнатылды, қураған ағаштар кесілді.
Жүргізілген шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға ықпал етеді.