Таза табиғат – ұрпаққа қалдырар ең қымбат мұрамыз. Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы кеңінен қолдау табуда.
Бұл бастаманың басты мақсаты – қалалар мен ауылдарды абаттандыру, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазарту, өзен-көлдер жағалауын, саябақтар мен демалыс орындарын ретке келтіру.
Әрбір азаматтың белсенді қатысуы – табиғатты сақтаудың басты кепілі. Қарапайым іс-әрекеттерден басталған жауапкершілік үлкен нәтижеге әкеледі: таза ауа, жасыл алқап, көрікті көшелер – барлығы өз қолымызда.
Бірге атсалысайық! Табиғатқа қамқорлық жасау – өз болашағымызға қамқорлық жасау.