Кенді қала тұрғындары үшін қуанышты жаңалық

Жаңалықты бөлісіңіз:

Кеншілер мен байытушылардың қажырлы еңбегінің арқасында Сәтбаев қаласы өндірістің қуатты орталығына айналды. Әрбір табыстары – халқымыздың игілігі мен болашағына қосылған зор үлес.

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде маңызды келісімге қол қойды. Соның нәтижесінде Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы толықтай жаңғыртылып, жаңа бейнеде қайта ашылмақ.

Жаңарған сарай өнер сүйер қауым мен жастардың сүйікті орнына, заманауи креатив орталығына айналады. Бұл бастама кенді қала тұрғындарының мәдени және әлеуметтік өмірін жаңа серпінмен байытады деп күтілуде.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *