Ауыл шаруашылығы санағының онлайн-кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ мерзімі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер sanaq.gov.kz сайтында сауалнама толтыра алады.

Бюро дерегінше, тамыз айында онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысқан, оның ішінде 245 мыңнан астамы – ауыл шаруашылығы құрылымдары. Бұл жалпы тізімнің 84%-ын қамтиды.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, қосымша берілген уақыт кәсіпорындар мен қожалықтарға маңызды науқаннан тыс қалмай, дер кезінде қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, үй шаруашылықтарын аралау кезеңі 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін жалғасады. Сұрақтар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға немесе Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *