Қаланың инженерлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған кешенді жоба аяқталуда

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев қаласында 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «№8 шағын ауданнан ШФТИ-ге дейінгі кәріз коллекторының құрылысы» жобасы аяқталу сатысында тұр. Бұл – 2012–2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың маңызды инфрақұрылымдық бөлігі.

Жобаның мақсаты – жаңа және қолданыстағы көпқабатты және аз қабатты тұрғын үйлерден шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды жинап, қолданыстағы кәріз жүйесінің жүктемесін азайту.

Негізгі техникалық көрсеткіштер:
• Ұзындығы – 32,5 шақырым;
• 5 кәріз сорғы станциясы (КСС) павильондарымен және насостарымен;
• 145 дана кәріз құдығы;
• Құбырлар толық төселіп, барлық қажетті инфрақұрылым орнатылды.

Қазіргі таңда барлық 5 КНС қосылып, сынақ мерзімінен өту үстінде.

Жұмысты атқарушылар:
• Бас мердігер – «Bi-Global» ЖШС;
• Авторлық қадағалау – ГПИ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС;
• Техникалық қадағалау – «Құрылыс Сапасы» ЖШС.

Жоба 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Оның іске қосылуы Сәтбаев қаласының инженерлік инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындар үшін өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *