Шағын архитектуралық формаларды жаңарту жұмыстары жалғасуда

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев қаласында абаттандырудың маусымдық жұмыстары аясында шағын архитектуралық формаларға (ШАФ) сырлау және ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың қоғамдық орындарында орналасқан орындықтар, декоративті қоршаулар мен мүсіндік элементтер қалпына келтіріліп, жаңартылуда.

Уақыт өте келе бұл нысандар тозып, өздерінің бастапқы эстетикалық келбетін жоғалтады. Сондықтан оларды тұрақты түрде жаңартып отыру – қалалық ортаның тартымдылығын сақтау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі таңда сырлау және қалпына келтіру жұмыстары Кеншілер алаңы, Абай, Бабыр би аллеялары, сондай-ақ Ұлытау көшесі бойындағы Абай көшесінен Мәңгілік Ел көшесіне дейінгі скверде жүргізілді.

Аталған жұмыстарды “PANALY” қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

ШАФ-тарды жаңарту жұмыстары қала аумағында кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *