Бүгін қалада кезекті “Таза бейсенбілік” өтті. Іс-шара барысында бірнеше аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға 320 адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «СЖСЖК» ЖШС қызметкерлері белсенділік танытты.
Жұмысқа 7 арнайы техника, соның ішінде 3 тиегіш пен 4 самосвал тартылды. Нәтижесінде шамамен 10 тонна қоқыс жиналды.