Еңбек адамы – елдің күші, қоғамның тірегі.
Ол ертеңгі күнге сеніммен қарауды үйретеді. Еңбек адамы адал терімен, маңдайының ызғары мен күнінің ыстығына қарамай жасаған жұмысы арқылы отбасын асырап қана қоймай, елдің дамуына үлес қосады. Қарапайым жұмыстың қадірін арттырып, еңбектің қасиетін танытады.
Мейлі ол құрылысшы, мұғалім, дәрігер, шаруашы немесе механик болсын, әрқайсысы адал еңбегімен қоғамның дамуына жол ашады. Себебі нағыз құрмет – еңбекте, ал еңбектің түбі – береке. Еңбек адамы – еңбекқорлықтың символы, төзімнің үлгісі, жаңа буынға еңбек арқылы жетістікке жетуді үйрететін өнеге иесі.