Еңбек адамы кәсіптің үлкен-кішісіне қарамай, жүрекпен істейді. Ол нағыз сабырдың, төзімнің үлгісі. Қолымен жасаған еңбегі – елге пайда, ұрпаққа өнеге. Еңбек адамы болу – абырой, еңбек ету – мақтаныш. «Еңбекпен ел көгерер » Ол таңның атысынан кештің батысына дейін адал еңбегімен тер төгеді. Қоғамның дамуы, отбасының берекесі, елдің еңсесі – еңбек адамдарының арқасы.
