Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының жолдарының 50 жылдан кейінгі жаңғыруы

Жаңалықты бөлісіңіз:

Биыл қаламыздың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәңгілік Ел көшесінде соңғы 50 жыл бойы жаңартылмаған магистральдық жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл – тек ағымдағы жылға арналған жоспар емес, бұл – келешек ұрпақ үшін сенімді, сапалы жылу жүйесінің негізі!
Жалпы ұзындығы 8 шақырым болатын жылу желісін жаңарту көзделген. Бүгінгі күнге дейін: «Сарыағаш Аман» ЖШС 375 метр ескі құбырды демонтаждап, 100 метр лоток құрылғысын орнатып, дәнекерлеу жұмыстарын бастап кетті. Жыл соңына дейін ауыстырылуға тиіс 4 шақырым желінің 500 метрі бүгінде толықтай жаңартылды. Жөндеу жұмыстары күн сайын қарқын алып келеді. Жобаның әр кезеңі бақылауда. Осы апта Гурбы – Мәңгілік Ел жол учаскесі қайта ашылады.Жол ашылғаннан кейін қозғалыс қалыпқа келеді.
Тұрғындарға қолайсыздық туғызған уақытша шектеулерге түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *