Еңбек адамы – қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген қарапайым, бірақ ел болашағын жасап жүрген үлкен күш иесі. Олар болмаса, қоғам алға баспайды, тұрақтылық болмайды. Еңбек адамы – мемлекеттің, қоғамның жүрегі. Олардың адал маңдай терімен жолдар салынып, үйлер тұрғызылып, астық өсіріліп, балалар білім алып, халық денсаулығы сақталады.