Еңбек адамы – ел тірегі!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Еңбектің иісі маңдайынан аңқып тұратын жандар – нағыз құрметке лайық тұлғалар. Олар күннің ыстығына да, аязды қысына да қарамастан адал еңбектің шын мәніндегі бейнесі. Қол күшімен, ақыл-парасатымен, табандылығымен ел экономикасының, қоғам дамуының іргетасын қалайды.
Еңбек адамы дегеніміз – таңнан кешке дейін шаруасын тындырған дихан, зауытта білекті сыбанып жұмыс істеген жұмысшы, түн ұйқысын төрт бөліп ел тыныштығын күзеткен сақшы, аурумен арпалысқан дәрігер, балаларға білім берген ұстаз, ауылдың жағдайын жасап жүрген қарапайым механизатор, құрылысшы, тазалықшы…
Олардың әрбір ісі – елге қызмет, әрбір қадамы – өркендеуге үлес. Бүгінгі қоғамда осы жандардың ерен еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс. Өйткені елдің болашағы – адал еңбектің арқасында ғана жарқын болмақ.
Біз әрбір еңбек адамын мақтан тұтамыз! Олар – шын батырлар!
Жердің төсін терімен суарып, тіршіліктің тамырын тереңдеткен барлық еңбек адамдарына алғысымыз шексіз!

Жалғас Рахымбеков, жеке кәсіпкер

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *