Ұлытау облысы, Жаңаарқа кентінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған игі бастама жүзеге аспақ. Жақын арада елді мекенде заманауи талаптарға сай 6 жаңа ойын алаңының құрылысы басталады.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – балаларға қауіпсіз, қызықты әрі қолжетімді демалыс ортасын қалыптастыру. Әрбір алаң заманауи ойын құрылғыларымен жабдықталып, қауіпсіздік стандарттарына толықтай сай болады.
Жаңаарқа кентінің әкімдігі жергілікті тұрғындардың пікіріне құлақ асып, болашақ алаңдардың орналасу орындарын көпшіліктің ұсыныстары негізінде анықтады. Бұл бастама ауыл тұрғындарының әлеуметтік өмір сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.