Ұлы жеңіске 80 жыл

Жаңалықты бөлісіңіз:

1941–1945 жылдар – қазақ халқы үшін үлкен сын мен үміттің жылдары болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген мың азамат майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаһармандық танытты. Тылдағы еңбек те ерен – қарттар, әйелдер, балалар күн-түн демей елге керек азық-түлік пен оқ-дәрі өндіріп, жеңісті жақындатты.
Қазақтың ұлы тұлғалары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия мен Мәншүк секілді батырларымыз мәңгілік бейнемен тарихта қалды. Бұл жеңіс – тек қарумен емес, рухпен келген жеңіс.
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – ұлт ретінде қайсар мінезімізді, бірлігімізді тағы бір еске салатын тарихи сәт.
Тарихты білген – тамырын таниды!

Ғалымжан Нұрпейсов, қалалық мәслихат депутаты

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *