Бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында Ұлытау облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айжан Жұмажанованың қатысуымен алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу шаралары туралы баспасөз конференциясы өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Спикердің айтуынша, 2024 жылы өңірде 200-ден астам алаяқтық дерегі тіркелген, оның ішінде интернет және телефон арқылы жасалатын кибералаяқтық үлесі 40%-дан асады. Бұл құқықбұзушылықтардың кең таралуына байланысты полиция қызметкерлері жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заманауи технологияларды пайдалана отырып, қылмыстың алдын алуға күш салуда.
Бүгінде полиция:
• халықпен тікелей кездесулер өткізіп, алаяқтықтың түрлері мен белгілері туралы түсіндіруде;
• байланыс операторлары және қаржы ұйымдарымен бірлесіп, күдікті операцияларды автоматты түрде анықтау жүйелерін енгізуде;
• учаскелік инспекторлар арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, қоғам тарапынан ақпараттандыру мен азаматтардың белсенділігі аса маңызды. Полиция азаматтарды бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болуға, ешкімге жеке деректерін бермеуге және күмән тудырған жағдайда «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *