2025 жыл — қазақ халқының ардақты қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Бұл — ұлтымыз үшін үлкен тарихи белес. Себебі Әлияның өмірі мен ерлігі — бүгінгі ұрпақ үшін патриотизмнің, табандылықтың, қайсарлықтың айқын үлгісі.
Әлия — тек өткеннің қаһарманы емес, бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі жарқын бейне. Ол — Отан үшін от кешкен қазақ қыздарының символы. Оның ерлігі мен өрлігі ғасыр өтсе де ұмытылмайды.Жастар оның ерлігімен терең танысып жатыр. Бұл — Әлияның рухани мұрасын дәріптеудің жарқын көрінісі.
Әлия Молдағұлова — ел тарихындағы алтын әріппен жазылған есім. Оның 100 жылдығын атап өту — ұлт ретінде өткенімізді ұмытпай, болашағымызға сеніммен қадам басудың белгісі. Біз батырдың ерлігін ұлықтау арқылы өзімізді тәрбиелейміз. Әлияның есімі – жеңісіміздің мәңгілік сәулесі. Ол ұлы даланың өжет қызы ретінде тарихта мәңгі қалды.Әлияның ерлігі — тек жеке батырлықтың ғана емес, ұлттық рухтың да көрінісі. Ол қазақ қызының өжеттігін, қайсарлығын және Отанға деген шексіз адалдығын көрсетті. Оның өмірі мен қаһармандығы қазақ халқының елдікті сақтау жолындағы күресінің бір бөлшегі болды. Әлия мен Мәншүк Мәметова сияқты батыр қыздар қазақ әйелдерінің ерлікке толы тарихын паш етті.Әлия Молдағұлова — жастар үшін мәңгілік өнеге. Оның қысқа, бірақ мағыналы өмірі Отан үшін жанын пида етуге дайын болудың, қиындыққа мойымаудың және елдіктің қадірін білу керектігін үйретеді. Ол — қазақ қызының батылдығы мен сұлулығының, ерлігі мен рухының бейнесі.Әлияның ерлігі — ұлттың мақтанышы, елдіктің символы. Оның есімі тарихта алтын әріптермен жазылған, ал рухы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастарды батырлыққа баули береді. Әлияның рухы — мәңгі біздің жүрегімізде!

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жылдығына орай №1ЖББМ 9 «Б» сыныбы оқушыларымен мектеп кітапханашысы Сандуғаш Иманқұлқызы бірлесе отырырып «Әлия — ерлік пен елдік символы» атты ерлік сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты оқушыларға Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі туралы мағлұмат беру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік рухты ояту.Тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Сынып сағатында Әлияның Ұлы Отан соғысындағы мергендік шеберлігі, қайсарлығы мен Отанға деген адалдығы жайлы айтылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, патриоттық тақырыпта өлеңдер оқып, көріністер қойды, сонымен қатар Әлия туралы деректі бейнематериалдар көрсетілді.Іс-шара барысында оқушылар батырлық, ерлік, отансүйгіштік ұғымдарының мәнін түсініп, қазіргі бейбіт өмір үшін алғыс білдірудің маңызын ұғынды. Әлияның ерлігі – жас ұрпаққа үлгі екені айтылып, осындай қаһарман тұлғаларды құрметтеу қажет екені ерекше аталып өтті.Сынып сағаты оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, олардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыра түсті.
Мұндай сабақтардың қорытындысы ретінде оқушылар патриоттық рухта тәрбиеленіп, тарихи тұлғаның ерлігінен шабыт алады деп айтуға болады.
Динара Мырзабекова,
№1ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Жезқазған қаласы.