9 Мамыр – Жеңіс күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілер арасында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан батырларымыздың рухына тағзым етіп, жастардың отансүйгіштік рухын көтеру, тарихи сана мен елжандылықты қалыптастыру.
Іс-шара жылы көңіл-күймен, әсерлі сәттерге толы форматта өтті. Жастар ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлігін әрдайым есте сақтайтындарын жеткізді.