Биыл біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудеміз. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. Әрбір ардагеріміздің көрсеткен ерлігі, батылдығы біз үшін өлшеусіз құндылық болып табылады. Осы жарқын мереке арқылы біз батырларымыздың жасаған ерліктерін еске аламыз және олардың батылдығы мен қайтпас қайсарлықтарын ұлықтаймыз. Ұрпақтар сабақтастығымен бұл тарихи ерлік мәңгі есте сақталмақ. Құрметпен еске аламыз, бастысы – бейбіт өміріміз үшін алғыс айтамыз.
Қанағат Аманбаев, технологиялық колледж студенті