Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудеміз. Бұл мерекеде біз батырларымыздың ерлігін еске аламыз, олардың қайсарлығына тәнті боламыз. Әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті еңбегі арқасында біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Өткенді ұмытпай, болашаққа сеніммен қарайық. Ардагерлерімізге басымызды иіп, оларға ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілейміз!
Жайық Мұңсызбаев, ақсақалдар алқасының мүшесі