ҚР Премьер-Министрінің орынбасары облыстағы су тасқынына дайындықты тексерді
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасы шеңберінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Ұлытау облысына келді.
Ұлытау ауданының Қаракеңгір және Сарыкенгір өзенінің арнасы, Малшыбай, Бозтұмсық, Қорғасын ауылдары, Қараторғай өзенінің арнасын Қостанай облысының шекарасына дейін аралап шығып, Кененбай және Қарсақбай бөгеттерінің жай-күйіне тексеру жүргізді.
Сондай-ақ вице-премьер Сарысу өзенінің бойында орналасқан Жыланды және Жаңабас елді мекендерін аралап, Кеңгір және Жезді су қоймаларында болды, Жезді өзені арнасының жағдайын тексерді, онда санация, арнаны тазарту және жағалауды нығайту (2 шақырым) жүргізілуде. Инспекция барысында Қанат Бозымбаев өзендегі барлық қажетті жұмысты аяқтап, Жезді ауылындағы қорғаныс бөгеттерін көтеруді тапсырды.
Құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының жедел ден қоюға дайындығын, отын, азық-түлік және медициналық құралдар резервтерін дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
➖
Заместитель Премьер-Министра РК проверил готовность к паводкам в регионе
В рамках поручения главы правительства Олжаса Бектенова вице-премьер Канат Бозымбаев прибыл в область Ұлытау.
Был совершен облет Улытауского района, визуальный осмотр вверх по руслу реки Каракенгир и Сарыкенгир, сел Малшыбай, Бозтумсык, Коргасын, плотин Кененбай и Карсакпай.
Также вице-премьер осмотрел населенные пункты Жыланды и Жанабас, расположеные вдоль реки Сарысу, посетил Кенгирское и Жездинское водохранилища, проверил состояние русла реки Жезды, где проводят санацию, очищение русла и берегоукрепление (2 км). В ходе инспектирования, Канат Бозумбаев поручил завершить все работы на реке и поднять защитные дамбы в поселке Жезды.
Было дано поручение обеспечить готовность сил и средств аварийных и спасательных служб к оперативному реагированию, подготовку резервов топлива, продовольствия и медицинских средств.