
Ару жандарға деген 8- наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында басталған құрмет пен сый –сияпат одан әрі жалғасын табуда.
Жақында ғана «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі мамандандырылған жөндеу механикалық басқармасының электр дәнекерлеушісі Баянкүл ҚожабергенқызыҚамбарова Ақорданың төрінде ел Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың қолынан III- дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленген еді. Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев Баянкүл Қожабергенқызын қала әкімінің кеңейтілген аппарат жиынына арнай шақырып, қала халқының атынан құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды, естелік сыйлық табыстады.

Мұрат Ерболатұлы сондай –ақ, қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жадыра Сейіловаға Ұлытау облысының Құрметграмотасын, “Сәтбаев қаласының әкім аппараты” ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бөлім басшысыПеризат Қадыроваға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Марапат иелерін құттықтап, оларға алдағы уақытта да жаңа еңбек жеңістерін тілейміз!
Абдолла Нұртауұлы