Әрбір қоғамның дамуы мен гүлденуі еңбек адамдарының қажырлы қызметіне байланысты. Олар – егін даласында тер төккен диқан, зауытта жұмыс істейтін жұмысшы, балаларға білім беретін мұғалім, науқастарды емдейтін дәрігер, яғни әрбір саланың мамандары. Олардың еңбегі – елдің болашағы үшін жасалған игілікті іс.
Кез келген жұмыс, мейлі ол физикалық болсын, мейлі интеллектуалды болсын, өз бағасын алуға тиіс. Өкінішке қарай, кейде кейбір мамандық иелерінің еңбегі еленбей жатады. Бұл қоғамның даму қарқынын бәсеңдетеді, өйткені еңбек адамдары өз жұмысына деген ынтасын жоғалтады. Сондықтан әрбір еңбекке құрметпен қарап, оның лайықты бағалануы үшін жағдай жасау – баршамыздың міндетіміз.
Еңбек адамына құрмет көрсету – әділдік қана емес, сонымен қатар елдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор. Егер қоғам әрбір еңбекке лайықты баға беріп, жұмысшылардың жағдайын жақсартуға тырысса, онда елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз.
Назир Жұматова, «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары
бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ маманы