Елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтар заңдарды біліп қана қоймай, оларды терең зерделеп, қатаң сақтауды әдетке айналдырды. Бұл құқықтық мәдениеттің артуына айтарлықтай үлес қосуда. Азаматтар сот және құқық қорғау органдарымен сындарлы диалог жүргізе алатын деңгейге жетті, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік жүйенің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бүгінде қоғамда заң бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптасып келеді. Бұл тек заңдардың тиімділігін ғана емес, халықтың құқықтық сауаттылығының да артып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет өз кезегінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше мән беріп отыр. Құқықтық білім беру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып, құқықтық сана деңгейін тереңдетуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Құқықтық мәдениет – бұл тек жеке адамның немесе мемлекеттің жетістігі емес, ол бүкіл қоғамның даму көрсеткіші. Әрбір азамат заңдарды құрметтеп, оны күнделікті өмірінде басшылыққа алған кезде ғана тұрақты әрі әділетті қоғам құруға болады.
Сіздің құқықтық сауаттылығыңыз – ел болашағына қосқан үлесіңіз!
Заңды біліңіз, сақтаңыз, құрметтеңіз!
Жайық Мұңсызбаев, ҚР Құрметті энергетигі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы