Жолдауға қолдау!

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Жолдаудың негізгі бағыттары:
1. Экономикалық реформалар: Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға басты назар аударды. Атап айтқанда, салық жүйесін қайта жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдау, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеу, әділ және тиімді тарифтік саясатты жүзеге асыру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті кадрлар даярлау, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері көтерілді. 
2. Әлеуметтік мәселелер: Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Олардың қатарында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылаудың шектен тыс болуы және т.б. мәселелер бар. 
3. Атом электр стансасы бойынша референдум: Президент Қ.Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді. 

Жалпы, Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Бақыт Макашова, Сәтбаев қаласының аналар кеңесінің мүшесі

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *