Жолдауға қолдау!

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Бұл Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, сондай-ақ заң үстемдігін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан халқы мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалып, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып, халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер мен құндылықтар қалыптасуда. 

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру және қоғамдық оптимизмді арттыру бағытында нақты шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Бұл Жолдау еліміздің дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, Қазақстанның тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болмақ.

Динара Нашкенова, “Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы” КММ-нің директорының орынбасары

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *