Заң және тәртіп!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Тергеу барысында заңсыз әдістер мен қатыгездік танытуға жол бермеу – құқықтық мемлекетте маңызды қағидалардың бірі. Қазақстанда азаптау фактілерінің алдын алу және оларды жою бойынша белсенді шаралар қабылданып жатқаны байқалады.

Прокурорлардың азаптау істерін тергеп-тексеруі адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл тәсіл арқылы тәуелсіздік деңгейі артып, тергеу барысындағы бұзушылықтардың жолы кесіледі.

Мәліметке сәйкес, құқық қорғау және арнайы органдардың 38 қызметкері заңсыз тергеу әдістерін қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасының күшейіп келе жатқанын және мұндай әрекеттерге қарсы күрестің нәтижелі болып жатқанын көрсетеді.

Бұл шаралар адам құқықтарын қорғауға және азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Жайық Мұңсызбаев,  ҚР Құрметті энергетигі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *