ЖЕЗҚАЗҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жезқазған қаласының тұрғындары 2025 жылды ерекшежаңалықпен қарсы алды. Қаладағы «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-нің жылу электр орталығында жаңартылған №8 қазандықіске қосылды. Бұл нысан ТП-13Б типіндегі жаңатехнологиялармен жабдықталған.
​Қазіргі таңда Жезқазғанда барлығы 8 қазандық жұмыс істейді: олардың бесеуі штаттық режимде, ал үшеуі резервте.
​ЖЭО тарихында 1993 жылы №11 қазандық толығымен жаңартылған еді. Араға 31 жыл салып, 210 мың сағаттан астам уақыт қызмет еткен, тозуы 90%-ды құраған №8 қазандық толықтай жаңартылды.

2024 жылдың мамыр айында «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен инвестициялық келісім жасалды. Жобаның жалпы құны 8,8 миллиард теңгені құрады. 2025 жылдың шілдесінен бастап 2029 жылдың маусымына дейін 10,2 миллиард теңге көлемінде инвестициялық салымдарды қайтару жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен №8 қазандық толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заманауистандарттарға сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта қазандық сынақрежимінде жұмыс істеп тұр.
​Заманауи технологиялармен жабдықталған қазандықсағатына 220 тонна бу өндіруге қауқарлы. Толықавтоматтандырылған басқару жүйесі машинистерге барлықкөрсеткіштерді қашықтан бақылауға және процесті тиімдібасқаруға мүмкіндік береді.

Жезқазғанға жылу беру температурасы белгіленген 80 градус деңгейінде ұсталып отыр, бірақ нақты көрсеткіш 83 градусқа жетіп, қала тұрғындарын тұрақты әрі сапалы жылуменқамтамасыз етуде. Қазандықтың толық іске қосылуы электрэнергиясы өндірісін 40 мегаваттқа арттыруға мүмкіндік береді.
​Бұл жобаның іске асуы Жезқазған тұрғындары үшін жылужәне энергиямен сенімді қамтамасыз ету жолында маңыздықадам болды. Қалада жаңа қазандықтың іске қосылуы тұрғынүйлердегі жылу жүйесінің сапасын арттырып, температураныңбұрынғыдан жоғары болуын қамтамасыз етті.

Жаңа қазандық қала тұрғындарының тұрмыс сапасынжақсартып, Жезқазғанның энергетикалық әлеуетін арттырады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *