Мен өзім ана ретінде уақыт белдеуінің балалардың денсаулығына оң әсері бар екенін байқадым. Балалардың дұрыс ұйықтау және ояну тәртібі қалыптасып келеді. Ерте жататын болғандықтан, таңертең сергек тұрады, сабаққа үлгерімі артып, зейіні ашық болады. Бұл денсаулықтың жақсаруына да, оқу үлгерімінің жоғарылауына да пайдалы. Күн тәртібі бірқалыпты болған соң, баланың психологиялық күйі де тұрақтанады.
Айгерім Бөлтірікова, көп балалы ана.